Қызметтер мен бағалар тізімін жасау
Көрсететін қызметтеріңізді ұзақтығы мен бағасымен бірге сақтап қойыңыз — сонда жазылу екі түртуді ғана алады, ал сандар әрдайым бірдей болады.
Pro Жаңартылды 2026 ж. 19 қыр.
Менің қызметтерім — қосымшаның ішіндегі баға тізіміңіз. Қызметті бір рет сақтасаңыз, жазылу формасында оны таңдағанда бағасы мен ұзақтығы өзі толтырылады, сонда айына қырық рет «7 000» деп тере бермейсіз.
Тізімді толтыру
- Параметрлер → Менің қызметтерім бөлімін ашыңыз (Android-та: Баптаулар → Кездесулер → Менің қызметтерім).
- + түймесін түртіп, Жаңа қызмет дегенді таңдаңыз. Атауы, Ұзақтығы және Бағасы өрістерін толтырып, сақтаңыз.
- Немесе Өткен жазбалардан жасау (Android-та Өткен жазылулардан жасау) дегенді таңдаңыз — қосымша тарихыңызда кездескен қызмет атауларын тізіп береді, сіз қалдыратындарын белгілейсіз.
- Тізімнің ретін сүйреп өзгертіңіз (Android-та алдымен жолды басып ұстап тұрыңыз). Жазылу формасындағы ұсыныстар дәл осы ретпен тұрады.
Білген жөн
- 25 қызметке дейін сақтауға болады. Экранның төменгі жағында олардың саны көрсетіледі.
- Қызметті өзгерту немесе жою өткенге әсер етпейді. Жазылулар жасалған кездегі бағасы мен ұзақтығын сақтайды.
- iPhone-да Соңғы қызметтерді көрсету ауыстырғышы қолмен терілген (тізімде сақталмаған) атаулардың ұсыныс болып шыға беретінін-бермейтінін шешеді.
- Android-та қызметті жою үшін оны солға сырғытыңыз — бір сәтке Болдырмау түймесі шығады.
- Pro болмаса да ұсыныстарда өткен жазылуларыңыздағы атаулар шыға береді; бағасы мен ұзақтығы бар сақталған тізім — Pro бөлігі.
Қатысты сұрақтар
Тағы қараңыз
Жауап таппадыңыз ба? Қолдау қызметіне жазу