Жазылулар

Жаңа жазылуды бірнеше секундта қосу

Клиенттің аты, қызмет, баға және уақыт — жазылу формасы бір экранға сыйғызылған. Әр өріс не үшін керек және нені кейін толтыруға болатыны.

Жаңартылды 2026 ж. 20 қыр.

Қосымша Жазылу қойындысынан ашылады (Android-та ол Жазылулар деп аталады). Жоғарыда бүгіннен бастап алға қарай күндер жолағы тұр, астында — таңдалған күннің жазылулары, ал тізімнің төменгі жолында сол күннің кірісі есептеліп тұрады.

Клиентті жазу

  1. Жоғарғы панельдегі + түймесін түртіңіз. Форма сіз қарап тұрған күнмен ашылады, ал уақыт сол күннің соңғы жазылуынан бір сағат кейінге қойылады.
  2. Клиенттің атын жазыңыз. Атын теруге, Instagram профилінің сілтемесін қоюға (қосымша одан тек аккаунт атын қалдырады — Клиентті Instagram сілтемесі арқылы қосу бетін қараңыз) немесе бұрын жазған адамыңызды таңдауға болады. iPhone-да ол үшін формада Клиенттерден қосу — ол Бар клиентті таңдау экранын ашады — және Контактілерден қосу түймелері бар; Android-та — Жақындағы (соңғы 30 клиент) және Контактілер, соңғысы телефон кітапшасынан атын нөмірімен бірге әкеледі.
  3. Қызметті қосыңыз. Атауын тере бастасаңыз, пернетақтаның үстінде бұрын қолданған атауларыңыз шығады. Сақталған қызметтердің ұзақтығы мен бағасы өзі толтырылады.
  4. Сізге маңызды болса, ұзақтығын қойыңыз: тізімде жазылудың қашан аяқталатыны және синхрондау қосулы болса, күнтізбедегі оқиғаның ұзындығы соған байланысты. iPhone-да дөңгелек 5 минуттық қадаммен айналады; Android-та ұзақтық карточкасын басып ұстап тұрсаңыз, ол тазаланады.
  5. Сомаларды енгізіңіз: Бағасы, клиент алдын ала төлесе — Аванс (Android-та Алдын ала төлем), шайлық қалдырса — Шайлық (Android-та Шайпұл). Әрқайсысы қалай саналатыны Алдын ала төлем және шайлық бетінде түсіндірілген.
  6. Телефон мен Жазбалар (Android-та Телефон нөмірі мен Ескертпелер) міндетті емес. Бірақ кейінгі жылдам әрекеттер — қоңырау, SMS, WhatsApp — дәл осы нөмірмен жұмыс істейді, ал жазбалар осы визитке бекітіліп, клиенттің бетінде көрінеді.
  7. Сақтаңыз. Сізге арналған еске салу сол сәтте қойылады.

Білген жөн

  • Міндетті өріс — тек аты (күнін қосымша өзі қояды). Басқа ештеңе толтырмай сақтасаңыз да, бұл толыққанды жазылу: қалғанын кейін толтырасыз.
  • Бір уақытқа екі адамды жазуға қосымша кедергі жасамайды. Қабаттасқан жазылулар жай ғана бірінің астында бірі тұрады, сондықтан уақытты растамас бұрын күнге бір қарап алыңыз.
  • Екі нәрсе әдейі жоқ: клиент сілтеме арқылы өзін-өзі жаза алмайды, ал қосымша клиентке ешқашан өз бетімен жазбайды. Клиентке кететін әр хабарламаны өзіңіз жібересіз — Клиентке жазылуды еске салу бетін қараңыз.
  • iPhone-да форманың жоғарғы жағындағы ауыстырғыш жазылуды Еске салу түріне айналдырады — бұл уақыты бар, бірақ ақшаға қатысы жоқ, өзіңізге арналған іс. Жазылулардың жанындағы жеке еске салулар бетін қараңыз.

Жауап таппадыңыз ба? Қолдау қызметіне жазу

My Clients

Клиенттер мен жазылуларды бүгін ретке келтіріңіз

Тегін Аккаунтсыз Интернетсіз жұмыс істейді